Алматыда тарихы тереңнен табылатын Лермонтов атындағы театр 85 жылдық мерейтойын атап өтті. Өнер ордасы еліміздегі орыс драматургиясының бірегей ошағы саналады. Биылғы маусым «Маскарад» спектакльімен ашылды. Мерейтойға арнайы келген қала әкімі Бауыржан Байбек өнер ордасының майталмандарын құттықтап, театр ардагерлерін алғыс хатпен марапаттады. Бұл маусымда көрермендерге 13 репертуар ұсынылмақ.
¤«Біздің театр – бір орында, бұрынғы қалпында қалып қалған жоқ. Театрымыз күн сайын жаңарып, репертуарлары да заманға сай түрленіп келеді. Қазір жаңа кейіпкерлерді ашу үшін жас актерлер бар өнерін салуға тырысуда», - деді ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі¤ Нина ЖМЕРЕНЕЦКАЯ.