Елбасы ҚХА Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенконы қабылдады

28.04.2018 14:29

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенконы қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысына Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-сессиясын өткізуге әзірлік барысы жөнінде баяндалды. Леонид Прокопенко Елбасыға ұйымдастыру-дайындық жұмыстарының нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер туралы мәлімдеді. Кездесу соңында Президент бірқатар нақты тапсырма берді.