Ұлттық банк Жеңістің 75 жылдығына коллекциялық күміс монета шығарады

27.03.2020 19:20

Күмістен дайындалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған

пресс-служба Нацбанка

Ұлттық банк Жеңістің 75 жылдығына арналған коллекциялық монеталарды айналымға шығарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Банк мәліметінше; 2020 жылғы 27 наурызда номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік МН25 мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан "Жеңіске 75 жыл" коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

"Қазақстан Республикасында жарияланған төтенше жағдайға байланысты монеталарды сату кейінірек жүзеге асырылады. Сату күні туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында қосымша ақпарат орналастырылатын болады", - делінген хабарламада.

"Жеңіске 75 жыл" монетасының графикалық композициясының негізінде соғыс әкелген алапатты сипаттайтын қабырғаның бөлінген жарығы аясында кеңес жауынгерінің стиліндегі бейнесі бар. Алдыңғы жағында мәңгілік оттың бейнесі, оның жалынынан жер бетіндегі бейбітшілік үшін совет жауынгерлері өмірлерінің нышаны іспеттес көгершіндердің көкке самғаған бейнесі көрсетілген.

Композицияның оң бөлігінде қалампыр гүлінің стильдендірілген бейнесі. Жоғары бөлігінде - мерейтойлық даталарды бөліп тұрған және жауынгердің бейнесін ұстап тұрған бес қырлы жұлдыз бейнеленген.

"Монетаның реверсіндегі жазу кириллицада орындалған, бұл сол уақыттағы оқиғалармен тарихи байланысты баса көрсетеді. Монетаның дизайнына Қазақстан Ұлттық Банкі 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізген "Жеңіс монетасын жаса!" жалпы республикалық конкурс жеңімпаздарының идеялары пайдаланылды", - делінген банктің хабарламасында.



Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Номиналы 500 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемдердің барлық төлемдері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке жазылуға және аударылуға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Күмістен дайындалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар арнайы полиграфиялық орамда шығарылады.