Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл ардагерлеріне бір реттік материалдық көмек көрсету мақсатында бюджеттен 7,6 млрд теңге қарастырылған
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл ардагерлеріне бір реттік материалдық көмек көрсету мақсатында бюджеттен 7,6 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол туралы еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов мәлімдеді. Бұл қаражат 124 мыңнан астам адамға беріледі. Бұдан бөлек жергілікті әкімдіктер Ұлы Отан соғысына қатысушыларға кем дегенде 1 миллион теңгеден тарту етіп жатыр.
«Төлемдер барлық өңірлерде жүргізіледі, жеті өңірде аяқталды. Бұл – Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қаласы. Қалған өңірлерде жалғасуда, алдағы күндері аяқталады. Бұдан бөлек қоршаудағы Ленинград тұрғындарына және концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 50 мың теңгеден жоғары, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған мүгедектердің әйелдеріне және ҰОС кезінде қаза тапқандардың жесірлеріне, сондай-ақ ҰОС тыл еңбеккерлеріне 30 мың теңгеден кем емес мөлшерде төленеді», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ерлан ӘУКЕНОВ.