Биыл балалар денсаулығын сақтауға бөлінген қаражат көбейді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Almaty. tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Балалар жылы аясында Денсаулық сақтау министрлігі балалар денсаулығын сақтаудың бірнеше бағыты бойынша қаржыландыруды ұлғайтты. Атап айтқанда, балаларды профилактикалық тексеруге бағытталған қаржыландыру көлемі 54 пайызға 10,9 млрд теңгеден 16,8 млрд теңгеге дейін артты. Мектеп медицинасына бағытталған қаржыландырудың жалпы көлемі 22,2 млрд теңгеден 27,5 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Балаларға стоматологиялық көмек көрсету үшін 28,1 млрд теңге бөлінді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 24,5 пайызға жоғары», - деді министр.
Министрдің дерегінше, алғаш рет қосымша аудиологиялық скринингке 5,0 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.
«Министрлік аз қамтылған отбасылардың балаларына ортодонтиялық көмек көрсету бағдарламасын іске асыруда. 2022 жылы осы мақсатқа бөлінген сома 5,6 есеге ұлғайып, 5,0 млрд теңгені құрады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен бері медициналық оңалтуды қаржыландыру жалпы 7 есеге артты. Оның ішінде балаларға 2021 жылы 11,4 млрд теңгеден астам қаражат, 2022 жылы 15,2 млрд теңге бөлінді», - деді Ажар Ғиният.
Министрдің айтуынша, қабылданып жатқан шаралар:
«Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында жылына 2,5 мыңға жуық баланың дүниеге келуіне ықпал етеді.