Aq-Alem әйелдер құқығын қорғау қоры балаларға арнап экскурсия ұйымдастырды
Алматыда аз қамтылған отбасы балалары «Алматы» телеарнасын да қонақта болып, журналистердің жұмыс барысымен танысты.
Олар тікелей эфирде көрерменге жол тартқан жаңалықты бақылып, журналистермен тілдесті. Сонымен қатар, "Таңғы STUDIO" бағдарламасының жүргізушілерімен кездесіп, пікір алмасты. Интернет бөлімінің SMM-маманы мен редакторы балаларға қазіргі таңда сайт пен әлеуметтік желілерде ақпарат пен видеоды қызықты әрі тез таратудың жолын көрсетті.
Балалар кездесу барысында журналист мамандығының қоғамдағы рөлі мен маңызын түсінді.
Телеарна жұмысы қатты ұнаған жасөспірімдер болашақта журналист болғысы келетінін де жасырмады.
Айта кетейік, өскелең ұрпаққа арнап экскурсияны «Алматы» телеарнасы мен Aq-Alem әйелдер құқығын қорғау қоры ұйымдастырды.