Бұл жеңілдік 16 жасқа дейінгі балаларға арналған
Алматылық балалар мерекеде қоғамдық көлікте тегін жүреді
Балаларды қорғау күніне орай 1 маусым күні 16 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте (автобус, троллейбус, метро) жүру тегін болады.
Ал «Алматы» телеарнасы концертік бағдарлама ұсынады. Эстрада жұлдыздары қатысатын мерекелік кеш Көктөбеде сағат 19:00-де басталады.