Almaty Bala Fest фестивалі аясында өткен сайыста 300-ден астам оқушы бақ сынасты
Алматыда мектеп оқуашылары арасында IT-хакатоннан жарыс өтті. Almaty Bala Fest фестивалі аясында өткен сайыста 300-ден астам оқушы өзара бақ сынасты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Робототехника, мобильді қосымшаларды әзірлеу, сайт құру, 3D модельдеу бағыттары бойынша өткізілген жобаның негізгі мақсаты – балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілетін дамыту. Айта кетейік, жарыс жеңімпаздарына жазғы IT лагеріне жолдама беріледі.
«Бүгін біздің мектепте ауқымды іс-шара өткізіліп жатыр. Қалалық фестиваль IT-хакатон «Балалар жылына» арналған. Бүкіл Алматыдан дарынды бала келіп тұр. Сәттілік тілеймін», – деді №144 мектеп-гимназиясының директоры Әлия Саламатова.
«Бүгінгі балаларымыз автомат роботтар жасап жатыр. Бұның ішінде менің де балаларым бар. Бұл мектепке өзімде көмектесемін. 58 бала бар соларға көмектесіп жүрмін 144-ші мектепке», – деді ҚХА кеңесінің мүшесі Долқунтай Абдухалил.