Қазақ тілді аудиторияның ауқымы кеңейіп жатыр – Тоқаев

29.04.2022 16:57

Президент өз сөзінде бұл – жағымды, оң үрдіс екенін айтып өтті

Ақорда

Мәдениетіміз әралуан екенін көрсететін ерекше ақпаратты әзірлеу қажет. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мәдениетіміз әралуан екенін көрсететін ерекше ақпаратты әзірлеу қажет. Соның ішінде, қазақ тілді аудиториямен жұмыс жүргізген жөн. Қазақ тілді аудиторияның ауқымы кеңейіп жатыр. Бұл – жағымды, оң үрдіс. Қазақстанды дамытуға өзге этностардың қосып жатқан үлесін мемлекеттік тілде насихаттау маңызды. Біз осы бағытта жұмыс істейтін ақпарат құралдарын барынша қолдауымыз керек», – дейді Тоқаев.

Теги: ҚХА