Ауқымды өзгерістерге жастардың да белсене қатысқаны абзал – Қасым-Жомарт Тоқаев

29.04.2022 17:01
Фото: ашық дереккөзден

Ауқымды өзгерістерге жастардың да белсене қатысқаны абзал. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Ассамблея Ұлттық құрылтаймен бірлесіп, тиімді жұмыс істеуі керек. Себебі, түптеп келгенде, екеуінің мақсаты – ортақ. Ауқымды өзгерістерге жастардың да белсене қатысқаны абзал. Кеше тұңғыш рет Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар сессиясы өтті. Оның ұсынымдарын мұқият зерделеу қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.