«Қазақстан халқына» қорын Болат Жәмішев басқаратын болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қордың Қамқоршылық кеңесі «Қазақстан халқына» бірауыздан қоғамдық әлуметтік қорының төрағасы қызметіне Болат Жәмішевтің кандидатурасын ұсынып, қолдады. «Қазақстан халқына» ҚӘҚ – ның жоғары басқару органы ретінде Қорға қатысушылардың жалпы жиналысы, бақылаушы орган ретінде Қамқоршылық кеңес, атқарушы орган болып Басқарма және бақылаушы орган болып Тексеру комиссиясы тағайындалады.