Президент Жаңа Қазақстанның негізі болуға тиісті жаңа экономикалық саясатты қалыптастыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнестің ірі өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мемлекет басшысы бизнес-қауымдастықты осыдан сабақ алып, Жаңа Қазақстанның негізі болуға тиісті жаңа экономикалық саясатты қалыптастыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Президенттің сөйлеген сөзінде мынадай маңызды қағидаттар айтылды:
– әділ бәсекелестік;
– қабылданатын шешімдердің ашықтығы;
– мемлекеттік саясаттың болжамдылығы;
– бизнестің салықтық тазалығы;
– кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі.