Талғат Қалиев: Партияға халықпен шынайы жұмыс істеуді күшейту қажет

02.03.2022 20:01
inform.kz

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиевтің AMANAT партиясына қатысты пікір  білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, партия жұмысының тиімділігін өлшейтін жалғыз құрал сайлау болмақ.

«AMANAT партиясына толыққанды бәсекеге түсуге тура келеді. Партияның жұмысына аралық нәтижелер бойынша баға бере алмаймыз. Сондықтан сайлау нәтижесі кез келген партияның жұмысы қаншалықты тиімді болғанын көрсетіп береді. Жақсы жұмысі стесе, сайлауда жеңеді, нашар істесе, жеңіледі деген сияқты. Ондай жағдайда келесі сайлауға барын салып, ерте бастан жұмыс істеуге тура келеді», - деді сарапшы.

ҚазАқпаратқа берген сұхбатында ол партия үйреншікті аядан шығып, халықпен шынайы жұмыс істеу керек деді.

Теги: партия