Жаңа Қазақстан бір жылда құрылмайтыны анық – Президент

akorda.kz
akorda.kz
15 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытаудағы Ұлттық құрылтай неге шақыртылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жаңа Қазақстан бір күнде немесе бір жылда құрылмайтыны анық. Бұл – бүкіл қоғамды өзгертетін күрделі әрі ұзақ үдеріс. Мұны жүзеге асыру үшін бір ғана билік әрекет етсе, бұл, әрине, жеткіліксіз. Бүкіл ел болып жұмылсақ, көздеген мақсатымызға жетеміз. Сол себепті, мен Жолдауымда Ұлттық құрылтай шақыру туралы бастама көтердім», – деген Мемлекет басшысы құрылтай шақыру ертеден келе жатқан ата дәстүріміз екенін еске салды. 

«Бабаларымыз маңызды мәселелерді осындай алқалы жиында талқылаған. Халық өзара ақылдаса отырып, бір тоқтамға келген. Мұндай шешімдер бүкіл елді біріктірген. Төл тарихымызда ұлт тағдырын шешкен құрылтайлар болған. Оның көбі халқымыз үшін маңызды кезеңде өткізілген. Талас құрылтайынан кейін Алтын Орда дербес мемлекет болды. Қарақұм және Ордабасы құрылтайлары жұртымызды ел қорғауға ұйыстырды. Орынбордағы бірінші қазақ құрылтайында Алаш партиясы құрылды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Новости партнеров