Жолдау айтылды, енді оның сәтті жүзеге асуы қажет – Жасұлан Қуандық

Жолдау айтылды, енді оның сәтті жүзеге асуы қажет – Жасұлан Қуандық
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жолдау айтылды, енді оның сәтті жүзеге асуы қажет. Бұл туралы Алматы студенттер альянсының төрағасы Жасұлан Қуандық айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын тағатсыздана күтіп, қуанышпен аяқтадым. Бұл жолдау Жаңа Қазақстанды құрудағы ең үлкен бетбұрыс болды. Тек экономикалық-саяси өзгерістерден бөлек, еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымына да біршама өзгерістер енгізілді. Ұлы тұлғаларымыз ұлықталып, тарихи және рухани сана түгенделді.

Демократия ұғымы енді ашылғандай болды. Президенттік өкілеттілік қысқарып, Парламентке басымдық беріледі. Бұл дамыған мемлкеттердің тәжірибесі. Депутаттар саны қысқарып, сандық емес сапалық құрылымға баса мән берілді. Сайлау жүйесіне де біршама өзгерістер енгізіліп, партиялық ұйымдарды тіркеу үдерісі қысқарды.

Тарихи таным. Құрылтай сөзі қайта жанданды. Елімізде Ұлттық кеңес орнына Ұлттық құралтай құрылатын болды. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі қайта қалыптасып, жергілікті мәслихаттардың рөлі күшейеді.

Жолдау айтылды, енді оның сәтті жүзеге асуы қажет. Жаңа Қазақстан үшін, Жаңа бастамалар! Біз БІРГЕМІЗ!" – деді Жасұлан Қуандық.

Новости партнеров