Жолдауды тарихи оқиға деп бағалауға болады – Сана Жандаева

16.03.2022 20:42

Дала демократиясы, ұлттық бірлік пен қоғамдық диалог

almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы Наурызбай аудандық «Бақытты отбасы» көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналған әлеуметтік орталығының басшысы Сана Жандаева Президент Жолдауынан алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауын тарихи оқиға деп бағалауға болады. Әсіресе, дала демократиясы, ұлттық бірлік пен қоғамдық диалогты атап өткім келеді», - деп жазды Сана Шайханқызы әлеуметтік желідегі жазбасында.

Ол Ұлттық кеңестің қызметін жалпыұлттық деңгейде жалғастыратын Ұлттық Құрылтайдың құрылғаны туралы хабарды естіп, қуанған.

Оның пікірінше, бұл - кең қоғамдық диалогтың жаңа институты. Бұл алаңда барлық өңірлердің белгілі қоғам қайраткерлерінің болуы, оларға орталық деңгейде ел дамуының кең ауқымды мәселелерін талқылауына қатысуына мүмкіндік береді.

«Тарихқа көз жүгіртсек, ата-бабаларымыз барлық тағдырлы шешімдерді халық жиналыстарында талқылап, қабылдаған. Біз Ұлы даланың осынау демократиялық дәстүрін жаңғыртуымыз керек», – деді Елбасы.

Басты байлығымыз – Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтап, ұлттық болмыстың іргетасын нығайтып, елді өзгертуге жұмылуымыз керек дегенге келісемін. Бұл - біздің болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымыз.

«Осылайша, құрылтайдың арқасында әртүрлі пікірдегі барлық өкілдерді қамтитын өкілді құрылым қалыптасады. Ұлттық құрылтай мүшелері тұрақты түрде бас қосып, маңызды мәселелерді талқылайды», - деп жазды Сана Шайханқызы.