Қазақстан – бейбітшіліктің алтын бесігі. Әлемдік сарапшылар біздің елге осылай деп баға беріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстан тұрақтылық орныққан ел ретінде мәдени-рухани орталық саналатынын айтты. Президент оған дәлел ретінде биыл шетелдік өнер ұжымдары Қазақстанда 200-ден астам мәдени іс-шара өткізгенін мысалға келтірді. Отандық өнер жұлдыздары да тәуелсіздіктің бастауы болған бүгінгі мерекемен қазақстандықтарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.
– Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Республика күнімен құттықтаймын. Әрқашан елімізде бейбіт заман болсын! Көк туы биікте желбіреп, абырой беделі арта берсін! – деді «Астана опера» театрының солисі Назым Сағынтай.
– Республика күнімен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Спортшылар алдағы жарыстарда жеңіске жетіп, қуанта берсін! – деді боксшы, олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов.
Оқи отырыңыз: Республика күні: маңызды күнді ұлықтау – қазақстандықтардың парызы