Бұқараның мұң-мұқтажы ескеріледі
Ашық әрі әділ бәсеке орнату өте маңызды. Қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Барыс Жаппаров партия төңірегінде болып жатқан өзгерістерге қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Соның арқасында бұқараның мұң-мұқтажы ескеріледі деген сенімде.
«Бұл – қазіргі жаңадан құрылатын партия үшін мүмкіндік. Барлық партияларға бірдей құқық, жағдай болады деген сөз. Біреуіне ерекше көңіл бөлініп, келесісі назардан тыс қалмайды», – деді қоғамдық кеңестің мүшесі Барыс Жаппаров.