Енді таңдауды тек халық жасайды
Мемлекет басшысының AMANAT партиясынан шығып, төраға уәкілеттілігін тапсыруы өзге саяси партиялар арасындағы бәсекелестікті арттырады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Саяси ұйым мүшелерінің айтуынша, енді ешқандай партияға басымдық берілмейді. Таңдауды тек халық жасайтынын айтты. Ал мәслихат депутаты партиялардың бірігуі Жаңа Қазастанның көркеюіне, дамуына үлкен жол ашады дейді.
«ADAL партиясының даму жолында жүзеге аспай қалған жоспарын болашақта AMANAT партиясы дамытады деп ойлаймын. Партиялардың бірігуі Жаңа Қазақстанның көркеюіне, дамуына үлкен жол ашады», – деді қалалық мәслихат депутаты Рахат Шимашева.