Д. Исабеков: Бұл – санамызды нығайтатын, мемлекетшілдікті оятатын атаулы күн

14.10.2023 01:54
Almaty.tv

«Бұл мереке маған қандай міндет жүктейді?». Жазушы Дулат Исабеков әр азамат осы сұраққа саналы түрде жауап іздеп, жұмыс істесе, қоғам ілгері дамитынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Еліміздің тәуелсіздігін нығайту үшін, елдің болашағының дамуына қандай үлес қостым?» деген сұрақ қоя отырып, жұмыс істесек, қоғам ілгері дамиды. Осындай дүниені санамызға сіңдіріп келе жатқан фактордың бірі – тәуелсіздік мерекесі, Республика күні. Осы мерекелер маған қандай міндет жүктейді? Осы міндетті толық ұғына алатындай, Абай айтпақшы, «толық адам» ұғымын санамызға сіңірсек, ел болашағы да жарқын болмақ. Республика күні құтты болсын! Бұл – санамызды нығайтатын, мемлекетшілдікті оятатын атаулы күн! – деді жазушы Дулат Исабеков.