Ө.А Байқоңыров атындағы тау-кен металлургия институты директорының орынбасары Тілепбай Қуандықов елімізде жаңадан ашылып жатқан геологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесін көрмей отырмыз. Мемлекет басшысы осы орайда нақты тапсырма бергенін айтты.
– Президент геологиялық барлау жұмыстарын жүзеге асыру үшін бірқатар іс-шараны қолға алу керектігін нақты айтқан болатын. Қазақстан территориясында 1,5 млн астам геологиялық және геофизикалық зерттеу жұмыстары жүргізілген. Үкіметке нақты тапсырма берілді 2026 жылға қарай оның көлемін 2,2 млн арттыру керек деп. Осы орайда шетелдік тәжірибелерді де алға тартты. Ол үшін шетелдің ірі компанияларының инвестициясын елге тарту арқылы қол жеткізуге болады. Мысалы шетелде тау -кен металлургисын алға сүйрейтін ірі компаниялар бар. Оларға басымдық беріледі. Бізге де осындай жағдай жасау үшін, шетелдегідей салық, құжаттарды жылдамдататын цифрландыру мәселесін жолға қойған жөн. Құжаттарды цирландырсақ уақытты екі есеге үнемдейміз, - дейді Ө.А Байқоңыров атындағы тау-кен металлургия институты директорының орынбасары Тілепбай Қуандықов.