Әкімнің тапсырмасымен табиғи апттың себебін тексеру және лай көшкіні салдарын жоюға арнайы топ құрылды
Алматы әкімі Ерболат Досаев топырақтың лайлануы салдарынан болған техногендік сипаттағы лай көшкіні болған жерге келіп, бүлінген ғимараттарды аралап, шұғыл көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
- Іздеу-құтқару жұмыстарына басымдық беріледі. Алдын ала ақпарат бойынша үйде тұратын адамдарды іздеу бойынша барлық жұмылдыру топтарының жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет, - деді Ерболат Досаев.
Көршілердің айтуынша, бұл үйде 4 адамнан тұратын отбасы болған.
Әкімнің тапсырмасы бойынша болған оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жоюға арнайы топ құрылды.
Естеріңізге сала кетейік, 8 ақпанда Медеу ауданының «Тау Самалы» шағынауданындағы Олимпийская көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні болған.
Әкімнің тапсырмасымен табиғи апттың себебін тексеру және лай көшкіні салдарын жоюға арнайы топ құрылды.
Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Бұл жерде жедел медициналық көмек бригадалары бар.
Ақпарат толықтырылады. Тек ресми деректерге сенуге шақырамыз.
Оқи отырыңыз: Мегаполисте лай көшкіні тұрғын үйлерге жетті