Алматыда «ИТП» АЭА кәсіпорынында 6,7 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
Алатау шағынауданындағы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы құрылған сәттен бастап 6 727 жұмыс орнын құрылды, 50,69 млрд теңге инвестиция тартылды, 34,7 млрд. Теңгенің салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер төленді, 493,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, қызметтер көрсетілді, экспорт көлемі 7,46 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгінде «ИТП» АЭА резиденттері 160 компания, оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласындағы 105 компания қызметін «эксаумақтық» қағидаты бойынша жүзеге асырады, 55 компания «ИТП» АЭА аумағында орналасқан.
2023 жылы «ИТП» АЭА-ға 15 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып, 1200 жұмыс орны ашылып, 39 компания жаңа қатысушы ретінде қабылданды, жобаларды іске асыру үшін ауданы 15 га 7 жер телімі бөлінді.
«ИТП» АЭА Алматы қаласының Медеу ауданында 163 га аумақта орналасқан. Мемлекет барлық инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымның, сонымен қатар, бірінші кезектегі ғимараттардың, әкімшілік ғимараттың құрылысын жүзеге асырды. «ИТП» АЭА қатысушыларына салық және кедендік жүктемені төмендетуде түрлі артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі.
«ИТП» АЭА аумағындағы негізгі басым қызмет түрлері IT, телекоммуникация және байланыс, электроника, жаңартылатын энергия көздері, ресурстарды үнемдеу және табиғатты тиімді пайдалану, сонымен бірге, 2020 жылдан бастап фармацевтика және медициналық бұйымдар кірді.