Ескі тұрғын үй мәселесі аудандағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан халқымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Аудандағы барлық көп қабатты үйлердің жартысы ескірген (1229 үйдің 594-і). Бұл қаланың барлық ескі үй қорының 40%-ын құрайды", - деп мәлімдеді мегаполис басшысы.
Оның айтуынша, бүгінгі күні жеке құрылыс салушылар 17 көппәтерлі тұрғын үй салып жатыр. Оларға ескі үйлердің тұрғындары көшіріледі.
Осипенко көшесінде 59 пәтерлік 2 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталады. Онда Чернышевский – Сауранбаев – Молдағалиев – Толстой көшелерінің шаршысында орналасқан 4 ескі үйдің тұрғындары уақытша көшіріледі.
"Бұл бізге келесі жылы осы 4 үйді бұзып, 214 пәтерлік 10 үй құрылысын бастауға мүмкіндік береді", - деп толықтырды Досаев.
Осы көшелердің шаршысында 152 пәтерлік 7 көппәтерлі тұрғын үй салынып жаты. Оның ішінде ескі үйлерді жаңарту бағдарламасы бойынша 48 пәтер айналымдағы тұрғын үйге арналған. Бұл үйлер 2023 жылғы мамырда пайдалануға беріледі.
Аталған нысандар аяқталғаннан кейін Спартак, Ақындар көшесіндегі тағы 8 үйдің тұрғындарын көшіру жоспарланып отыр.