Байқау жеңімпазына көлік табысталды
Алматыда Қарилар арасында құранды жатқа оқудан сайыс өтіп, байқау жеңімпазына көлік табысталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры ұйымдастырған шараның соңғы кезеңіне 3 номинация бойынша 40-қа жуық Қари қатысқан болатын. Нәтижесінде бас жүлдені Сұлтанбай Назар иемденіп, темір тұлпардың иесі атанды. Ал, қалған қатысушылар мен орын алған Қариларға қомақты ақшалай жүлде табыс етілді.
«Бұл құран жарысы 3 номинация бойынша өтті. Толық Құранды жатқа оқудан және 15 параны яғни жартысын оқудан өтті. Ал қыздар арасында 10 параны, яғни Құранның 3 тен 1 бөлігін жаттаудан өтті», – деді қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай.
«Алла тағалам төрешілік етіп отырған ұстаздарымыз бен ұйымдастырушыларға Алла разы болсын. Алдағы уақытта дін исламға, елімізге қызмет етем бе деген ойым бар», – деді қатысушы Сақи Сатешов.