Алматыда жаңа ағаштар отырғызылып, автоматты суару жүйесімен қамтылады

01.11.2023 14:43

Күй талғамайтын ағаштар көптеп отырғызылады

Алматы әкімдігі / пресс-служба акимата

2023 жылы Алматыда 320 мың жасыл желекпен қамтылады, оның 22 мыңы көктемде отырғызылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv. Енді күзгі кезең жалғасып, жыл соңына дейін барлығы 298 мың ағаш егіледі, қазір 63 мыңға жуық ағаш отырғызылды.

Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша жасыл комиссия басшысы Омар Нұрхайдаровтың айтуынша, ағаштар жайқалып өсуі үшін тиісті күтім мен су қажет, әйтпесе іс-шаралар оң нәтиже бермейді. Сондықтан бүгінде егілетін орынға автоматты суару жүйесі орнатылған. Бұған қоса, 2023 жылы қабылданған жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидасына сәйкес, жеткізушілер 3 жылға дейінгі ағаштарды күтіп-баптауға міндетті.

 - Көгалдандырушылар жасыл қорды дамыту үшін барын салып жатыр. Маусымнан қазанға дейін қураған және апатты жағдайдағы ағаштарды кесу жұмыстары жақсы ұйымдастырылды. Биыл біз өте көп мөлшерде қураған ағаштарды кестік. Қазір қаланың барлық ауданында ағаштарды күзгі отырғызу жүріп жатыр, - деді Омар Нұрхайдаров.

Омар Нұрхайдаровтың айтуынша, күзгі уақытта отырғызылған ағаштар жылдам бой көтеретінін айтты, шаған ағашы күй талғамайды, сирек ауырады.

 - Байқасаңыз, емен, каштан мен қарағаш зиянкестерден зардап шегеді. Шаған ағашында мұндай зиянкес жоқ, бұл ағаштар тамырланып, жақсы өседі. Мамығы көп болғандықтан, көптеген тұрғын терек егуге қарсы, бірақ биыл біз мамық бермейтін аталық терек отырғызамыз. Олар қала климатына тез бейімделіп, жайқалып өсіп, ауаны тазартуда сүзгінің қызметін атқарады, - деп сөзін түйіндеді сарапшы.

Оқи отырыңыз: Алматының 52 мектебінде балалар мен спорт алаңдары модернизацияланды