2022 жылы ауданда 800 млн теңгеге 28 жоба іске асырылған
Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесіп жатыр. Кездесу барысында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 2022 жылы ауданда 800 млн теңгеге 28 жоба іске асырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның шеңберінде ортақ пайдаланудағы 14 орын, 10 балалар және спорт алаңдары абаттандырылды, 4 контейнер алаңы қазылып орнатылды. Осы жылы Түрксіб ауданында 91 жобаны іске асыру жоспарланған.
«Менің тапсырмам бойынша «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыруға биыл қаланың барлық 8 ауданына қосымша 7 млрд теңге бөлінді, оның ішінде сіздердің ауданға 875 млн теңге бөлінді», – деді Ерболат Досаев.