Бостандық ауданында жылу желілерін реконструкциялау қашан аяқталады

13.07.2023 16:02

Қала әкімі Бостандық ауданында құрылыс қарқынды жүріп жатқанын айтты

ortcom.kz

Алматы қаласының Бостандық ауданында 1,6 км жылу желілерін реконструкциялау қыркүйек айында аяқталады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бостандық ауданында құрылыс қарқынды жүруде, бұл инженерлік желілерге үлкен жүктеме түсіруде. Олардың  тозуы 60 пайызды құрайды. Халықпен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев аталған мәселелерді шешу үшін 1,6 км жылу желілерін қайта жаңарту жүргізіліп жатқанын айтты. Ол 1 қыркүйекке дейін Ерғожин, Ганди, Ғабдуллин, Могилевский, Сәтбаев көшелерінде, сондай-ақ Орбита-4 ш/а-да аяқталады.

«Биылғы жылы «Орбита» және «Южная» магистральды қазандықтары, олардың ұзындығы 900 метр, Ганди, Гагарин және Есқараев көшелерінде, реконструкцияланады. Аталған учаске қыркүйек айында тапсырылады», - деді қала басшысы

Айта кетейік, 2024 жылы Радостовец, Ходжанов көшелеріндегі жұмыс 2024 жылдың қыркүйегінде аяқталады. Ал 2023 жылдың қыркүйегінде қуаттылығы сағатына 190 Гкал дейін ұлғайта отырып, «Южная» қазандығы қайта жаңарту аяқталады.