Жаңа балабақшалар "Акварель" тұрғын үй кешені тұрғындарының сұранысын өтейтін болады
Биыл АДК аумағында әрқайсысы 150 орындық 2 балабақша ашылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы халқымен кездесу барысында айтты. Жаңа балабақшалар "Акварель" тұрғын үй кешені тұрғындарының сұранысын өтейтін болады. Одан бөлек, 2023 жылдың екінші жартысында 900 орындық мектептің, 180 орындық кіріктірілген балабақшаның, жедел жәрдем станциясының және полиция бөлімшесінің құрылыстары басталады.
Қыркүйек айында «Базис» ЖШС No65 мектеп жанынан 300 орындық қосалқы нысан құрылысы басталады. Нысанды тапсыру келесі жылдың 1 қыркүйегіне жоспарланған.