Бостандық ауданында 80 аулаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

chisteam.ru
chisteam.ru
Бүгінгі күні 11 объектінің жұмыстары басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл «Халықтық қатысу бюджеті» жобасы аясында 800 млн теңгеге 21 жоба іске асырылып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы халқымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінгі күні 11 объектінің жұмыстары басталды, 10 жоба бойынша шарт жасалуда. Барлық жобалар 1 қарашаға дейін аяқталады.

Жыл соңына дейін 80 аулаға күрделі жөндеу жүргізіледі. Сіздердің өтініштеріңіз бойынша Үлкен Алматы өзенінің жағалауына жарық жүргізілді, онда 165 тірек орнатылып, Торайғыров көшесінен Абай даңғылына дейін 5,4 шақырым желі тартылды.

Аудан бойынша су басудың 6 учаскесі анықталды, олар 2022 жылдың соңына дейін жасалатын болады. Сондай-ақ 2023 жылдың соңына дейін 60 шақырым арық желілері қайта жаңартылады.

Новости партнеров