2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Алматының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 13,5%-ға өсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Алматыда өңдеу өнеркәсібі 21%-ға өсіп, еліміздегі ең жоғары өсу қарқынын көрсетті. Автомобильдер өндірісін, тамақ және фармацевтика өнеркәсібін ұлғайту есебінен оң динамикаға қол жетті.
Сауда саласы 14,5%-ға, оның ішінде бөлшек сауда саласы – 6,5%-ға, көтерме сауда саласы-17,4%-ға өсті. Байланыс қызметтері 3,3%-ға, көлік және қоймалау 9,5%-ға ұлғайды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 трлн теңгеден асты. Жеке инвестициялар 7,3%-ға дейін артты.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық кәсіпкерлер енді банк шотынан қолма-қол ақшаны жаңа талап бойынша алады