Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты
Алматының Алатау ауданындағы Алғабас көшелері келесі жылы жарықтандырылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Біз соттасып болған соң, «Алматыжарық» қайтадан өзімге өтті. Қалада барлығы жарықтандыруды қажет ететін 531 көше болса, оның 48-і Алатау ауданында. Алғабастағы жарықтандыру мәселесі, жаңа жолдары салу жобасының ішінде қарастырылыған. Жол құрылыс аяқталған соң, көшелерге жарық жүргізіледі. Бұл жұмыстарды келесі жылға жоспарлап отырмыз", - деді қала әкімі.