28 подстанция реконструкцияланады
Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесу барысында аудандағы электр желілері жаңартылатыны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Инженерлік инфрақұрылымды модернизациялау – біздің жұмысымыздың басты басымдықтарының бірі. Бұл ретте ауданның негізгі проблемасы электрмен тұрақты қамтамасыз етілмеу мәселесі болып отыр. 2022 жылы ауданда 566 апат тіркелді, ал биылғы жылдың 2 айында ауданның электр желілерінде – 15 апат орын алды", – деді қала әкімі.
Оның айтуынша, өткен жылы ауданда 58,5 км электр желілері ауыстырылып, 60 подстанция реконструкциядан өтті. Биыл тағы 50 км желі жаңартылып, 28 подстанция реконструкцияланады. Бұл аудандағы электр желілерінің орташа тозу деңгейін 81%-тен 61%-ке дейін төмендетеді.