Алматы полициясы жол қозғалысы ережесіне енгізілген өзгерісті түсіндірді

21.05.2024 15:28

6 мамырда бірнеше түзету енгізілген болатын

видеодан алынған кадр

Алматы полициясы жол қозғалысы ережесіне енгізілген өзгерісті түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұрын хабарланғандай, 2024 жылғы 6 мамырда жол қозғалысы ережелеріне келесі түзетулер енгізілді:

1. «Бір» үздіксіз таңбалау сызығын кесіп өту жауапкершілігін өзгерту. Енді жалпақ үзіксіз тұтас бір сызықты (1.1 жол таңбасымен белгіленген) және/немесе басып озуға тыйым салынған (3.20 белгісімен белгіленген) бөлінген екі жолақты жолға өту қарама қарсы жолға шығумен теңестіріледі. Бұл бұзушылық 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырумен жазаланады;

2. елдімекендердегі автобустардың жылдамдығын 50 км/сағ дейін төмендету;

3. М3 санатындағы барлық көлік құралдары (автобустар) үшін маршруттық көліктер үшін бөлек бөлінген жолақтың болуы;

4. тірек-қозғалыс аппараты бұзылған үшінші топтағы мүгедектердің жол инфрақұрылымына қол жеткізуіне мүмкіндік беру. Сонымен егер бұрын «Мүгедек» сәйкестендіру белгісін көлік құралына тек 1 және 2 топтағы мүгедектер қоя алатын болса, енді мұндай белгіні тірек-қозғалыс аппараты бұзылған 3 топтағы мүгедектер де пайдалана алады. Естеріңізге сала кетейік, мұндай белгі мүгедектерге арнайы бөлінген тұрақтарда (мүгедектерге арналған тұрақ) тоқтауға, сондай-ақ автотұраққа тыйым салынған орындарға тоқтауға басым құқық береді.

Сонымен қатар жаңа жол белгілері қолданысқа енгізілді:

- 3.9.1. «Электр самокаттарда жүруге тыйым салынады»:

- 5.8.6а - 5.8.6c «Параллель қозғалыс бөлігіне ауысу»;

- 5.8.6д, 5.8.6д «Параллель жүріс бөлігінің соңы»;

- 5.16.3 «Диагональды жаяу жүргіншілер өткелі» және т.б.

Және жаңа сәйкестендіру белгілері:

- «Электромобиль»;

- «Газ жабдығы бар көлік».

Оқи отырыңыз: Павлодарда есірткі өндіретін жасырын орын анықталды