Досаев мейрамханаларға бақылауды күшейтеді

28.09.2023 15:34

Тамақ қалдықтары дұрыс жойылуы керек

Фото: es-russia.com

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесіп, мейрамханадағы тамақ қалдықтарын жою мәселесін көтерді деп хабарлайды Almaty.tv.

Медеу ауданы тұрғынының сұрағы: Бізде Абай мен Пушкин көшелері қиылысындағы мейрамханалар өздерінің тамақ қалдықтарын біздің контейнерлерімізге тастайтын жазғы алаңдар бар. Үлкен қара сөмкелердегі қоқыс түні бойы жатады. Рестораторлар ай сайын 68 мың теңге төлейтінін, екінші келісімшарты бар екенін айтады. «Тәртіп» АҚ-мен келісім бойынша олар ҚТҚ-ны біздің контейнерлерге, енді тіпті тамақ қалдықтарын да тастайтын болды. Бұл дұрыс емес қой.

Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалиннің жауабы: Біз бұл нысанда бірнеше рет болдық. Тамақ қалдықтары туралы рестораторлармен жұмыс істеудеміз. Олар бөлек келісімшарттар жасады. Менің орынбасарым тұрғындармен тікелей байланыста. Егер шағымдар болса, біз тағы да көреміз, ешқашан бас тартпаймыз.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың жауабы: Аудан әкіміне тапсырма беремін: рестораторлармен жасалған келісімшартты қайта қарау керек. Белгіленген уақытта процестің барлық қатысушысымен қоқысты шығару мүмкіндігін анықтауды сұраймын, бұл кешкі сағат 10.00-11.00-де ыңғайлы болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда электр қуатын үздіксіз беру үшін желілер реконструкцияланды