2023 жылы Алматыда 2 трлн теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді

26.01.2024 15:52

Нақты көлем индексі 117,5% болды

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

2023 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда 2022,1 млрд теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді, бұл 2022 жылдың деңгейімен 115,8%, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Өңдеуші өнеркәсіп салаларының ішінде нақты көлем индексі 117,5% болды (көлемі 1737,9 млрд теңге, үлесі 85,9%), фармацевтикалық препараттар өндірісіндегі көлемдердің 8,6% (үлесі 1,3%,жек компания тапсырысы), автомобильдердің, тіркемелер мен жартылай тіркемелердің  31,3% (үлесі 29,9%), өзге де металл емес минералдық өнімдердің 6,8% (үлесі 5,5%, құрылыс ұйымдарының тауарлық бетонға, құрылыс ерітінділеріне тапсырыстары), дайын металл бұйымдарының тапсырысы 10,9% (үлесі 2,5%, құрылыс компанияларының қара металл мен алюминийден жасалған есік пен терезе жақтауына тапсырысы), жиһаздың тапсырысы 3,6 есе (үлесі 1,1%), машина жасау саласында 11,3% (үлесі 39,5%, автокөлік құралдарын шығару, экспорттық жеткізілімдер) өсуі байқалады.

Жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында машина жасау, тамақ, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, химия өнеркәсібі және құрылыс материалдары өндірісінің басым салаларын дамыту үшін құрылған Алматының индустриялық аймағы белсенді дамып келеді.

2023 жылы индустриялық аймақта 9,6 млрд теңгеге 585 жұмыс орны ашылған 8 инвестициялық жобаны техникалық іске қосу жүзеге асырылды, атап айтқанда 8,3 млрд теңгеге 285 жұмыс орны құрылған. 

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында 980 млн теңгеге 15 жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар электротехникалық жабдық өндіретін зауыты іске қосылды.

Оқи отырыңыз: Алматы экономикасына 2023 жылы тартылған инвестиция көлемі артты