Биыл Бостандық ауданында қосымша 40 бейнебақылау камерасы орнатылады

04.08.2022 15:55

Жыл басынан бері 10 бағдаршам нысаны орнатылды

ашық дереккөз

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Е.Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауданда 99 "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешені, адамдар көп жиналатын жерлерде Алматы қаласы ПД ЖБО-ға шығарылған 110 бейне мониторинг жүйесі орнатылған.

Жыл соңына дейін 40 бейнебақылау камерасы орнатылады, оның ішінде Центральная көшесі мен өткен кездесуде айтылған Ерменсай шағынауданы бар. Сондай-ақ, жыл басынан бері 10 бағдаршам нысаны орнатылды, жаяу жүргіншілер өтпесі бар тағы 8 бағдаршам нысаны ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталады.