Алматы аудандарының әкімі ақпанда көпбалалы аналармен 8 кездесу өткізді

05.03.2024 14:56

Кездесу барысында 83 сұрақ қойылды

elements.envato.com

Алматы қаласының әкімі бекіткен кестеге сәйкес, 2024 жылдың ақпанында аудан әкімдері көпбалалы аналармен 8 кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесуге барлығы 85 көпбалалы ана келіп, кездесу барысында 83 сұрақ қойылды. Оның 62-сі бойынша түсініктемелер беріліп, кездесулерден кейін 10 сұрақ пысықталды, 11-і бойынша жұмыстар жүруде.

Негізгі мәселелер:

• тұрғын үй алу (кезекке қою) – 18;

• білім (балаларды мектепке және балабақшаға орналастыру, мектеп формасы) – 12;

• денсаулық сақтау – 7;

• әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, азық-түлік жинақтары) – 10;

• ТКШ және абаттандыру (газды қосу, сумен жабдықтау және су бұру) – 9;

• жұмысқа орналасу және бизнес гранттары – 4;

• басқа сұрақтар – 23.

Қала әкімдігі 2024 жылғы наурызға қаланың көпбалалы аналарымен тиісті кесте бекітті. Ол аудан әкімдерімен және Алматының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен келісілген.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы аудан тұрғындарымен, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевпен кездесулер барысында көптеген өтініштерге байланысты аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен ай сайынғы кездесулерін ұйымдастыруды тапсырған болатын.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 8 наурызға орай әйелдерге қаржылай көмек беріледі