Бұл туралы қала әкімі аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуі өтіп жатыр. Кездесу барысында Бостандық ауданының 61 көшесін жарықтандыру жұмысы басталғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Өткен жылдың соңында қаланың жарық жоқ көшелерінде, оның ішінде Бостандық ауданының 61 көшесінде жарық орнату жұмыстары (751 тірек және 18 км желі орната отырып) басталды. Қазіргі уақытта Бостандық ауданы бойынша жұмыстар аяқталды. Бұдан басқа, ауданның 42 жарықтандырылмаған көшелерін жарықтандыру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланған. Жұмыстарды 2024 жылдың соңына дейін аяқтауды көздеп отырмыз. 2025 жылға қарай ауданда көше жарығымен қамту деңгейі 100%-ды құрайтын болады», – деді Ерболат Досаев.