Алмалы ауданындағы 13 үйде кәріз және су құбыры реконструкциялануда

ibirzha.kz
ibirzha.kz
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алмалы ауданында 3,5 км су құбыры және 1,2 км жылу желілер жаңарып, Есентай және Қожамқұлов көшелерінде жалпы ұзындығы 800 м кәріз құрылысы жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Сонымен қатар "Панорама" ТК-де және Айтиев көшесіндегі 12 үйде кәріз және су құбырының сорғы станцияларын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде,  ол үшін менің шешіміммен аудан әкімдігіне резервтен 353 млн теңге бөлінді. Бұл жұмыстардың барлығы Алмалы ауданының 90 мыңнан астам тұрғыны үшін коммуналдық қызметтердің сапасын жақсартады", - деді қала басшысы.

Еске салсақ, Алмалы ауданындағы су құбыры желілерінде Чайковский және Мақатаев көшелерінің аула ішіндегі аумақтарында 1,5 км желі қайта жаңғыртылды, сондай-ақ Бруно, Рахманинов, 2-ші Қастек және Монғол көшелерінде 2 км кәріз желілері салынды.

Новости партнеров