Әуезов ауданында екі мемлекеттік балабақша салынады

11.08.2022 16:05

Орын тапшылығын азайту үшін 280 орындық 2 балабақша салу жоспарланып отыр

azh.kz

Мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығын азайту үшін 280 орындық 2 балабақша салу жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Е. Досаев Әуезов тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Алтын бесік" шағынауданында 120 орындық бірінші балабақшаның жобалау-сметалық құжаттамасы қазан айының соңына дейін мемлекеттік сараптамадан өтіп, әзірленеді. Құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың I тоқсанында бастауды жоспарлап отырмыз", - деді қала әкімі. 

10-шағынаудандағы 160 орындық екінші балабақшаны салу үшін қараусыз қалған балабақша ғимараты сатып алынды. Қыркүйек айында бюджетті нақтылау кезінде жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге қаражат бөлінбек. Келесі жылы мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін, қолданыстағы ғимаратты бұзып, құрылысты бастау жоспарланып отыр.