Тұрғын үй сатып аларда нені ескеру қажет

13.02.2024 16:11

Алматы әкімдігі қала тұрғындарын кезекті заңсыз ТҮК-нен жылжымайтын мүлік сатып алу жайлы мәлімет берді

Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы

Интернет ресурстар мониторингінің нәтижесі бойынша қала құрылысын бақылау басқармасы Royal Time тұрғын үй кешенінің жарнамасын анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тұрғын үй кешенінің сайты мен әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетілгендей, премиум-класты жаңа ТҮК Наурызбай ауданындағы Кенесары хан көшесі, 145 мекенжайында орналаспақ.

Алайда бүгінде жер учаскесінде құрылыс жүргізіліп жатқан жоқ және құрылысқа рұқсат беретін құжаттары да жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, егер сіз жылжымайтын мүлікті заңсыз нысаннан сатып алсаңыз, құрылыс салушы тарапынан қаражатты ерікті түрде қайтарудан бас тартқан жағдайда, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне және құқық қорғау органдарына жүгініңіз.

Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының +7 705 89 66 000 WhatsApp анықтамалық желісі бойынша ТҮК құжаттарының бар-жоғына көз жеткізуді ұсынамыз.

Оқи отырыңыз: Шетелдік туристер жиі қыдырып келетін Қазақстандағы ТОП-5 қала