Ауа сапасын жақсарту бойынша жобаларды іске асыру және Алматы агломерациясының жобаларын қолдау мәселелері талқыланды
Бақытжан Сағынтаев Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директорымен экология және Алматы агломерациясының жобаларын қолдау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы қала әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Н. Маннапбековпен мегаполистің ауа сапасын жақсарту бойынша жобаларын іске асыру және Алматы агломерациясының жобаларын қолдау мәселелерін талқыладық», – деп жазады әкім.
Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Н. Маннапбековпен мегаполистің ауа сапасын жақсарту бойынша жобаларын іске асыру және Алматы агломерациясының жобаларын қолдау мәселелерін талқыладық.
— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) April 20, 2021