Медеу ауданында 13 көше бойындағы аумақ абаттандырылады

gov.kz
gov.kz
29 көшеде тротуарды абаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қыркүйек айында Алматының Медеу ауданында 8 көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, жоспарланған 28 көшеден жалпы ұзындығы 21,8 км қалған 20 көше қазанның соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді.

"Аудан әкімдігі 2023 жылы көлемі 50 мың м2 болатын жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда көлемі 48 мың м2 болатын 57 көше жөнделді. Жұмысты қыркүйектің соңына дейін аяқтаймыз", - деді ол.

Оның айтуынша, ұзындығы 24,5 км болатын 29 көшеде тротуарларды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 12 км 11 көшеде жұмыс орындалды. Бұл жұмыстардың толық аяқталуы қазанның соңына дейін жоспарланған. Осы уақытқа дейін ауданның 13 көшесінің бойында іргелес аумақтарды абаттандырумен 6 км техникалық тротуар салынады.

Новости партнеров