Алматыда орташа айлық жалақы 16,4%-ға өсті

05.06.2024 16:22

Қалада тұрақты жұмыс орындарына баса назар аудара отырып, жаңа жұмыс орындары құрылуда

қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда жұмыссыздық деңгейі төмендеп, жаңа жұмыс орындары ашылуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала экономикасы басқармасында алматылықтардың әл-ауқатын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды.  

2024 жылдың сәуір айында жылдық инфляция наурыз айында 9,7%-дан 9,1%-ға дейін баяулады. 2024 жылы жылдық инфляция одан әрі 7-8%-ға дейін баяулайды деп   болжануда.  

Қалада тұрақты жұмыс орындарына баса назар аудара отырып, жаңа жұмыс орындары құрылуда. Жыл басынан бері 19,5 мың жұмыс орны құрылды (биылғы жоспар – 87 мың), оның 61%-ы тұрақты. Бұл ретте, қабылданып жатқан шаралардың арқасында жұмыссыздық деңгейі – биылғы жылдың бірінші тоқсанында 4,7%-ға дейін төмендейді.

2024 жылдың бірінші тоқсанында Алматыда орташа айлық жалақы 454 мың теңгені құрады (республика бойынша – 382 мың теңге). Номиналды мәнде жалақы 16,4%-ға, нақты мәнде 6%-ға өсті.