Керуенге 1000-нан астам адам батырдың, бүркітші және ақын ретінде қатысады
21 наурызда Алматыда Наурызнама іс-шаралары аясында негізгі концерттік бағдарламаның бастамасы іспетті болған театрландырылған керуен жүріп өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Керуенге 1000-нан астам адам батырдың, бүркітші және ақын ретінде қатысады. Сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтарын дөңгелекті киіз үйлер, қалыңдық күймесі, жібек, кілем, қамқа сынды маталар артқан түйелерді, қазақ халқының жеті қазынасының нышандарын көреді.
«Көш. Наурыз – думан» мерекелік керуені 21 наурыз күні сағат 10:00-де басталып, Абай даңғылымен батыс бағытта Достық даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін, одан кейін Абылай хан даңғылымен солтүстік бағытта Астана алаңына дейін өтеді.
Оқи отырыңыз: Наурыз мерекесіне орай арнайы пойыздар жолға шықты