Алматыда 2023 жылы жастар театрының құрылысы басталады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХХІ сессиясында айтты.
«Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтың ұсынысы бойынша келесі жылы мегаполисте жастар театры салынады. Сметалық-жобалау құжаттамасы мен орны дайын болған соң құрылысын бастаймыз. Бұған қоса, «Алатау» дәстүрлі өнер театрына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземіз», - деді қала әкімі.