Осы жылдың соңына дейін «Жас Қанат» шағынауданында бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып бітеді
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Осы жылдың соңына дейін «Жас Қанат» шағынауданында бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып бітеді", - деді мегаполис басшысы.
Сондай-ақ қала әкімі биылғы жылдың желтоқсан айында Майлин көшесіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің және Огарев көшесіндегі Даму және шығармашылық орталығының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу аяқталатынын айтып өтті.