Мамандардың айтуынша, ICCA-ға мүшелік Алматыдағы MICE-туризмді (іскерлік) халықаралық аренада дамыту жоспарының бір бөлігі болып табылады
2022 жылдың 1 тамызынан бастап Алматы қаласы ICCA халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығының мүшесі болды (International Congress & Convention Association), деп хабарлайды Almaty.tv.
Мамандардың айтуынша, ICCA-ға мүшелік Алматыдағы MICE-туризмді (іскерлік) халықаралық аренада дамыту жоспарының бір бөлігі болып табылады.
«Қауымдастыққа кіру әртүрлі туристік ұйымдармен – ICCA мүшелерімен жаңа серіктестік орнатуға мүмкіндік береді. Біз қалаға сапалы жаңа туристерді тартуға және ұстап қалуға ниеттіміз», - «Алматының туристік ақпараттық орталығы» ЖШС директоры Едіге Марғұлан.
MICE-туризмі соңғы жылдары Қазақстандағы туризмнің басым түрі болып табылады. MICE-туризм нарығының әлемдік көлемі 7,5% жылдық өсіммен $725 млрд-қа бағаланады. Алматыда жылына 20 халықаралық деңгейдегі іскерлік іс-шара өткізу жоспарда бар.
Анықтама: ICCA мүшелері – 88 түрлі елдегі 950 қала. ICCA рейтингісіне сәйкес, Қазақстан MICE-туризм бойынша әлемде 79-шы орында (2020).