Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин құрылыс және реконструкциялау нысандарын аралап көрді
Ол 2021 жылдың 21 шілдесінде басталған ШЖҚ «Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы» МКК үшін операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесінің корпусын салу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың барысымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мердігер ұйым «Ақ Ордасы корпорациясы» ЖШС болып табылады. Бастапқыда аяқталу мерзімі 2022 жылдың 30 қыркүйегінде деп белгіленген.
Мерзімнің ұзартылуына қарамастан мердігер осы уақытқа дейін жұмысты аяқтаған жоқ. Осыған байланысты әкімдік мердігер ұйымға қатысты сотқа талап арыз берді. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 3 шілдедегі шешімімен «Ақ Ордасы корпорациясы» ЖШС мемлекеттік сатып алудың жауапсыз қатысушысы болып танылды, мемлекет пайдасына 12,3 млн теңге сомасында тұрақсыздық төлемі өндірілді.
Бұған қоса, мердігерлік ұйымға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 312-бабының 2-тармағына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензияның бір кіші түрінен айыра отырып, айыппұл салу түрінде шаралар қабылданды.
Қазіргі таңда ғимараттың қаңқасы, шатыры, сыртқы қабырғалар мен бөлімдерді қалау, терезе блоктары мен бірінші әрлеу жұмыстары бітті. Инженерлік коммуникациялар, лифтілерді орнату, қасбет, әрлеу, абаттандыру бойынша жұмыстар аяқталып келеді. Нысан 85% дайын. Қажетті жабдықты сатып алу – 96%. Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған кезде қазіргі уақытта сатып алынған және қоймаларда орналасқан жабдық орнатылады.
Құрылыс салушыға осы нысан бойынша жұмыстарды 2023 жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жүктелді.